Биылғы мектеп бітіруші түлектер үшін ҰБТ басталды. Тест тапсыруға талапкерлер өздерімен бірге жеке бас куәлігін, қалам, ручкі, су, шоколад алып кіре алады. Математика, математикалық сауаттылық, физика, химия, информатика, география, биология бойынша компьютерден электронды калькулятор ұсынылады.
Сондай-ақ компьютер экраны арқылы Менделеев таблицасы, тұздың еруі, Белетов катары да қолжетімді. Бұдан бөлек, егер түлек сұраса таблицалардың қағаз нұсқасы да беріледі.
ҰБТ шілденің 5-не дейін жалғасады. Биылғы жылы ҰБТ-ны екі рет тапсыру мүмкіндігі бар. Алайда, профильді пәндер біреу болуы керек. ЖОО-ғы бюджеттік орындарға, яғни грантқа жақсы көрсеткіші алынады.
Тест тапсыру уақытын, күнін, орнын талапкер өзі таңдайды. Сондай-ақ тестілеуге мектеп формасынан бөлек еркін киіммен қатысуға болады. Бірақ киім этикаға сай, ұқыпты болу керек.
16 мамырда негізгі ҰБТ басталды. Оны 5 шілдеге дейін екі рет тапсыруға болады.
Биыл Қазақстан тарихы пәні бойынша 20 тест тапсырмасы болады.
1-ден 10-ға дейін – бір дұрыс жауапты таңдауға арналған;
11-ден 20-ға дейін – контекстке негізделген бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары (5 сұрақтан 2 контекстік мәтін).
Биылғы ҰБТ-да бейіндік пәндер комбинациясы тізбесіне «Математика-Информатика» енгізілді. Оны «Информатика мұғалімдерін даярлау», «Ақпараттық технологиялар» мен «Ақпараттық қауіпсіздік» бойынша тапсырады. Бейіндік пәндерде басқа өзгеріс жоқ.
Бейіндік пәндер тізімі:
математика мен физика;
биология мен география;
биология мен химия;
биология мен география;шет тілі мен дүниежүзі тарихы;
география мен шет тілі;
дүниежүзі тарихы мен құқық негіздері;
дүниежүзі тарихы мен география;
қазақ тілі / орыс тілі мен қазақ әдебиеті / орыс әдебиеті;
химия мен физика; екі шығармашылық
* ҰБТ тапсырмаларында жауап нұсқаларының санын азайды. Бір дұрыс жауабы бар сұрақтарда жауап нұсқалары 5-тен 4-ке дейін, ал бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар сұрақтарда 8-ден 6-ға дейін азайтылған.
ҰБТ-да 5 пән 3 міндетті + 2 бейіндік бар;
барлық тест сұрағының саны – 120, ең жоғары балл – 140;
тестілеудің жалпы уақыты: 4 сағат (240 минут);
ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін тест уақытын тағы 40 минутқа ұзартуға болады;
Колледж түлектеріне арналған ҰБТ форматы:
2 пән жалпы кәсіптік +арнайы; тестілеудің жалпы уақыты – 2 сағат;
тест тапсырмалар саны – 60. Жоғары балл саны – 70;
шекті балл – кемінде 25 балл, ал педагогикалық мамандықтарға – кемінде 35 балл;
Әр пән бойынша шекті балл – 5 балл.
Колледжде бітірген мамандығын жоғары оқу орнында ақылы бөлімде жалғастырғысы келетін бітірушілер университеттің қабылдау комиссиясында әңгімелесу арқылы оқуға қабылданады. Ондайда ҰБТ нәтижесі талап етілмейді. Ал колледж түлегі бітірген мамандығын жалғастырмай, басқа білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түскісі келсе, онда толық оқыту нысаны бойынша оқуға қабылданады. Ол үшін 5 пән бойынша ҰБТ тапсыру керек.
* Тест тапсыру ережелеріне сәйкес, әрбір адам бір компьютердің алдында отырады. Бейнебақылау камерасы да бар. Бірақ аудиторияға кірмес бұрын тест тапсырушы идентификациядан өтеді. Тыйым салынған заттардың бар-жоғы да тексеріледі. Ол үшін арнайы металл іздегіш құрылғы бар. Аудиторияда тыйым салынған заттар анықталса, арнайы акт рәсімделеді. Осыдан кейін тест тапсырушыны шығарып жібереді.
Тест тапсыру кезінде сөйлесуге, орын ауыстыруға, аудиториядан шығуға, шпаргалка және тағы басқа ақпарат алу жолдарын пайдалануға болмайды. Ереже бұзылған жағдайда тест нәтижесі жойылады.
ҰБТ өткеннен кейін бейнебақылау жазбалары жан-жақты зерделенеді.
Талапкер жоғары ұпай жинап, грантқа түскен күннің өзінде бейнебақылау жүйесі тыйым салынған заттардың болғанын анықтаса, тест нәтижесі жойылады, ал грант одан кейін тұрған адамға беріледі. ҰБТ кезінде калькулятор, Менделев пен тұздың ерігіштігін көрсететін кестені ғана пайдалануға болады. Бұның барлығы компьютерде бар.
* Жоғары оқу орнының ақылы бөліміне түсу үшін кем дегенде 50 ұпай жинау керек. Ал ұлттық университеттерде шекті ұпайдың саны 65.
Ауыл шаруашылығы мен биоресурстар, ветеринария – 60 балл;
Педагогикалық ғылымдар, құқық – 75 балл;
Сондай-ақ әрбір университет білім беру бағдарламалары бойынша өздігімен шекті ұпай санын қоя алады. Ал грантқа түсу үшін барынша көп ұпай жинау керек.
* Талапкер өзі тапсырған ҰБТ нәтижесімен келіспесе, аппеляциялық комиссияға шағым түсіре алады. Бірақ арызды келесі күні сағат 13:00-ден кешіктірмеу керек. Аппеляцияға бірден жүгінген дұрыс. Комиссия шағымды бір тәуліктің ішінде қарап, өз шешімін шығарады.
* Биыл негізгі ҰБТ кезінде екі рет тест тапсыруға мүмкіндік беріліп отыр. Екі куәліктің ішінен ең жоғары ұпайды алып, грант тағайындау конкурсына қатысуға болады. Грантқа өтпей қалсаңыз, ақылы бөлім ғана қалады. Оған да шекті ұпай жетпей тұрса, тамыз айында ақылы тест тапсыруға болады. Бағасы 4 230 теңге.
* Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыса алатындар:
2023 жылдың колледж бен мектеп түлектері;
өткен жылдары колледж бен мектеп бітіргендер;
шетелде 11 (12) сыныпта оқитындар;
қандастар;
шартты түрде оқуға түсетін студенттер;
Биыл мектеп бітірген түлектер ҰБТ-ны тегін тапсырады. Қалғаны ақысын төлеуі керек.
Толық ақпарат «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар