Бүгін Партия активінің мүшелері, әлеуметтік қызметкерлермен инклюзия мәселелері бойынша кездесті.
Кездесуде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдаудағы халықтың әл -ауқатын арттыру, тұрмысы төмен отбасылардың жағдайына көңіл бөлу, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жағдайын жақсарту, білім және медицина саласындағы атқарылатын басым бағыттарға тоқталды. Оның ішінде мұқтаж жандарға АӘК тағайындау және аз қамтылған отбасылардағы балаларды кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету мәселелері әлеуметтік сала төңірегінде бірқатар маңызды міндеттер көтерілді.
Инклюзивті білім беру жағдайында мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған отбасымен бірге баланың дамуындағы және онымен қарым-қатынастағы қиындықтарды жеңуде ата-аналардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру бойынша жұмыс әліде жұмыс жүргізу қажеттілігіде айтылды.
Жиын соңында жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары одан әрі дамытуға бағытталған бастамаларды бірауыздан қолдайытындықтарын атап өтті.