Бүгін Теміржолшылардың мәжіліс залында «AMANAT» партиясының XXIV съезіне қатысқан делегаттары Мақсұт Нәлібаев пен Базара Танбаева Магистральдық желі бөлімше қызметкерлерімен кездесті.
Кездесуді «Магистральдық желі бөлімшесі» басшысы, БПҰ төрағасы Ибраким Басықараев ашып, партия съезінде ел болашағы үшін Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде партия атынан ұсынған Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірауыздан делегаттармен мақұлданғанын және партиямыздың жаңа Саяси тұғырнамасы бекітілгенін айтып өтті.
Кездесу барысында сөз алған делегаттар съездің күн тәртібінде көтерілген мәселелерге толығырақ тоқталды. Одан бөлек халықтық коалицияның құрылғанын, онда түрлі саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер бірігіп ортақ үміткер ұсынғанын және оны бірауыздан қолдағандарын айтты.
Кездесу соңында еңбек ұжымы Ел Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы реформаларды жүзеге асыратындарын және партия съезінің шешімдерін толық қолдайтындарын жеткізді.