Теміржолшылардың студиясында «AMANAT» партиясының Теміржол» филиалының кезектен тыс ХХV конференциясы Батырхан Базарбаевтың төрағалығымен өтті.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша партияның Саяси тұғырнамасының жобасы талқыланды. Жаңа Саяси тұғырнама жобасына баяндаманы «AMANAT» партиясының Теміржол» филиалының Атқарушы хатшысы Базара Танбаева жасады.
Онда «AMANAT» қоғам мен мемлекет игілігі үшін барлық жауапкершілікті өз мойынына алып, жұмыс істеп келе жатқан партия екені тілге тиек етіп, мемлекеттің, ұлттың келешегі үшін өзінің Саяси Тұғырнамасы жобасын әзірлеп, қоғам талқысына салып отырғандығын жеткізді.
– Тұғырнаманы елде болып жатқан өзгерістерге партияның жауабы ретіндегі негізгі идеологиялық құжаты деуге негіз бар. Тұғырнама Адамның, Қоғамның және Мемлекеттің үйлесімді дамуы, олардың өзара қарым-қатынасы принципіне құрылған. Партия әрбір азаматтың болашағына еш алаңдамай өмір сүруі үшін кешенді жоба әзірлеп отыр. Саяси құжаттың әрбір бағыты маңызды. Өзгерісті партия өзінен бастап, барлық жинақтаған тәжірибесі мен қабілетін Мемлекет басшысы бастамашы болған түбегейлі реформаларды табысты іске асыруға бағыттайтын болады,- деді.
Конференция барысында жаңа саяси құжаттың жобасы делегаттармен талқыланып,
Тұғырнаманы қолдайтындарын білдірді.
Конференция соңында Қызылорда облыстық партия филиалының кезектен тыс XXІХ конференциясына делегаттар сайланды.

AMANATaimak

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған