Қызылорда қаласының прокуратурасы қала аумағындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру заңдылығына талдау жасалды.
Талдау нәтижесімен жергілікті атқарушы, уәкілетті органдар мен тұрмыстық қатты қалдықтарды (бұдан әрі – ТҚҚ) орналастыру, сұрыптау және жоюмен айналысатын тұлғалар тарапынан көптеген санитарлық нормалардың, экологиялық заңнама талаптарының бұзылуына жол берілгендігі анықталды.
Қызылорда қаласында тұрмыстық қатты қалдықтар жинақтайтын 1 полигон қалдықтарды орналастыруға арналған орындар (көму полигондары) белгіленген.
Ақсуат ауылдық округіндегі ТҚҚ полигонына 1000 метрден жақын аумақта 129 тұрғын үйдің жер учаскесі орналасып, оның 92-і облыс әкімі қаулысы қабылданғанға дейін табысталса, қалған 37 жер учаскесі 2021 жылдың наурыз айына дейін табысталып келген.
Олардың ішінде полигонға ең жақын тұрғын үй небәрі 80 м қашықтықта орналасқан.
Сондай-ақ қала әкімдігіне қарасты барлық, яғни Ақсуат, Ақжарма, Қызылөзек, Қызылжарма, Талсуат, Қарауылтөбе, Қосшыңырау ауылдық округтерінде және Тасбөгет кентінде тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарын орналастыру үшін облыс әкімінің қаулыларымен жер учаскелері белгіленгенімен, ол жерлер қоршалмай, қоқысты көму үшін тиісті тереңдіктегі шүнқырлар қазылмай, тұрмыс қалдықтары бей-берекет, соның ішінде полигондар аумағынан тыс жерлерге тасталып, азаматтардың денсаулығына және қоршаған ортаға кері әсерін тигізуде.
Яғни, Экологиялық кодекстің (бұдан әрі – Кодекс) 348-352 баптарында көзделген қалдықтарды көму полигондарына қатысты экологиялық, құрылыс және санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мүлдем орындалмаған.
Қала аумағында белгіленбеген орындарда ТҚҚ-ды тастау фактілері белең орын алған.
Мысалы, Қызылорда қаласы, Әл-Фараби ықшам ауданында (Жұлдыз, Талап көшелерінде), Бәйтерек ықшам ауданында, Титов қыстағының көп қабатты тұрғын үйлер жанында, Тасбөгет кентінің аумағында, Саяхат ықшам ауданындағы көше бойында, Қызылорда электр жылу орталығының жанында, Байқоңыр және Ақжайық көшелерінің бойында бірнеше қатты тұрмыстық және құрылыс қалдықтар жиналған бей-берекет қоқыс орындары қалыптасқан (фото суреттер мен бейне жазбалар қоса тіркеледі).
Бұндай фактілер барлық ауылдық округтерде де орын алған.
Сонымен қатар рейдтік іс-шаралары нәтижесінде ҚР ӘКБтК-нің 434-2 бабымен – 67 жеке тұлға белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды (5 АЕК).
Осындай заң бұзушылықтарды болдырмауға қала тұрғындарын шақырамыз.
Қызылорда қаласының прокуратурасы