Жалағаш аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 109-1-бабы 1-бөлігімен айыпталған азаматша А-нің қылмыстық ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы А. 2025 жылғы 17 маусымда Жалағаш кентінде орналасқан сауда орнында тұрып, өзіне қарызы бар жәбірленуші Т-ны кездестіріп, оған қарызыңды қайтар дегенде араларында жанжал туындап, күш қолданып оң қолымен жәбірленушіні бірнеше рет жұлқылап, төменнен жоғарыға қарай сілкіп тартып, денсаулыққа жеңіл зиян келтірмей, тән ауруына ұшыратқан.

Сотта қорғаушы, сотталушымен жәбірленушінің өзара медиация тәртібімен келісімге келгенін айтып, істі тоқтатуды сұрап, сотталушы мен жәбірленушінің арасында жасақталған медиациялық келісімді сотқа ұсынды.

Басты сот талқылауында сотталушы кінәсін мойындап, жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласқандықтан істі тоқтатып, өзін қылмыстық жауаптылықтан босатуды сұрады.

Жәбірленуші Т., сотталушы екеуі медиация тәртібімен татуласқанын, оған қоятын талап-тілегінің жоқтығын, кешірім беретінін, істі тоқтатуды сұрады.

Сот қаулысымен ҚК-нің 109-1-бабының 1-бөлігімен айыпталған А., жәбірленушімен медиация арқылы татуласуына байланысты осы Кодекстің 68-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс өндірістен тоқтатылды.

Жалағаш аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған