Жалағаш аудандық сотының ұйымдастыруымен аумақтық жеке сот орындаушылармен сот актілерінің орындалуы бойынша кездесу өткізілді.

Шараға аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы А.Мизанбаев, сот мамандары және аумақтық жеке сот орындаушы Д.Сейткалиев қатысты.

Сот төрағасының міндетін атқарушы А.Мизанбаев өз сөзінде сот актілерінің уақтылы орындалуы, сотқа дейінгі іс құжаттарын толық әрі сапалы зерттеуі, қажетті құжаттарды жинақтау және процесті мемлекеттік тілде жүргізуге ықпал етудің маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңын қолдану тәжірибесіне тоқталды.

Шара барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, көтерілген мәселелер бойынша ұсыныстарын білдірді.

Жалағаш аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған