Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен Б.-ға қатысты іс қаралды.

Іс құжаттарына сай, жүргізушісі Б. 2025 жылғы 28 мамырында сағат 17:05 шамасында Қызылорда қаласы, Н.Назарбаев даңғылы бойымен автокөлігін басқарып келіп, жаяу жүргінші жолағында тоқтап тұрып, жаяу жүргінші жолынан өз жолымен өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіге қатысты балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзып, айналасындағыларға сыйламаушылықты білдіретін әрекетін жасаған.

Сот отырысында жәбірленуші аталған күні Қызылорда қаласы, Назарбаев даңғылы бойында орналасқан жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан кезінде, жүргізушісі құқық бұзушы Б. автокөлігінен тездетіп жүр деп айқайлап, оған қарсы балағат сөздер айтқанын бекітті. Өз сөзінде сот отырысында құқық бұзушы Б. жасаған құқық бұзушылық әрекетіне өкінішін білдіріп, кешірім сұрады.

Азамат Б.-ның құқық бұзушылық әрекеті оның және жәбірленушінің түсініктерімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен және басқа да іске тіркелген құжаттарымен өз дәлелін тапты.

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен құқық бұзушы Б. кінәлі деп танылып, оған 55048 теңге айыппұл салынды.

Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған