Қызылорда облыстық сотында аймақтық оқу орталығының, Судьялар Одағы Қызылорда облысы бойынша филиалының және жас судьялар кеңесінің ұйымдастыруымен семинар сабағы өткізілді.

Семинарға Судьялар Одағының Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы Б.Елшібеков, аудандық және оған теңестірілген соттардың жас судьялары қатысты.

Семинарды Қазақстан Республикасы Судьялар одағының Қызылорда облыстық бойынша филиалының төрағасы Б.Елшібеков ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, көтеріліп отырған мәселелерге тоқталып өтті.

Сонымен қатар, жас судьялар кеңесінің төрағасын бекіту мәселесі қаралып, оның қорытындысы бойынша жас судьялар кеңесінің төрағасы болып Қызылорда қалалық сотының судьясы А.Әбдіразақов сайланды.

Шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған