Қармақшы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігі бойынша азамат М.-ге қатысты іс қаралды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, азамат М.-ның кәмелетке толмаған ұлы басқару құқығы жоқ бола тұра, көлік құралын басқарған.

М. ата-ананың міндетін, кәмелеттік жасқа толмаған ұлын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамай, ұлының әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекетке баруына жол берген.

Сот қаулысымен азамат М. Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 127-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 55 048 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қармақшы аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған