▪️Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 1-бөлігімен азаматша М.-ға қатысты іс қаралды.

▪️Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, азаматша М.-ның кәмелетке толмаған ұлы сауда үйінің алдында жиналмалы пышақты өзімен бірге алып жүргені анықталған.

▪️Азаматша М. сотта берген түсінігінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келісетінін, баласының әрекетіне өкінетінін білдіріп, жеңіл жаза қолдануды сұрады.

▪️Сот қаулысымен азаматша М. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 27 524 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған