Жалағаш аудандық сотында «Қазақстан Республикасы соттарының құқықтық көмек көрсетуі және шет мемлекеттердің соттарына құқықтық көмекпен жүгінуі» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарға аудандық сот әкімшісінің қызметкерлері қатысты.
Сот әкімшісі басшысы А.Алтынбаев семинарды ашып, күн тәртібімен таныстырып, сөз кезегін баяндамашыларға ұсынды.
Бас маман Д.Шадаев баяндамасында,2016 жылғы 11 мамырдағы бұйрықпен бекітілген«Қазақстан Республикасы соттарының құқықтық көмек көрсетуі және шет мемлекеттердің соттарына құқықтық көмекпен жүгінуі туралы» Нұсқаулық Қазақстан Республикасы соттарының шет мемлекеттердің соттарына құқықтық көмек көрсетуі және құқықтық көмекпен жүгінуі туралы, оның тәртібін нақтылайтынын айтып өтті.
Қазақстан Республикасының Соттары соттармен және шет мемлекеттердің басқа мекемелерімен азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша халықаралық шартқа не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қатынастарды жүзеге асыруға уәкілетті орталық және аумақтық органдар арқылы өзара іс-қимыл жасайтынын тиек етті.
Шара барысында шет мемлекеттердің соттары мен басқа да мекемелерінің тапсырмалары сот отырысы барысында орындалады және хаттама жасалатынын, тапсырманы орындаудан бас тартқан не оны орындау мүмкін болмаған жағдайда сот Департамент және Сот әкімшілігі арқылы тапсырманы және оған қоса берілген құжаттарды шет мемлекеттің құзыретті органына қайтаратынын, сот бұйрықтарын шығару кезінде тараптар Қазақстан Республикасының аумағында тұрған жағдайларды қоспағанда, шет мемлекеттердің аумағында сот бұйрықтарын орындауды тану және шешу көрсетілетін құқықтық көмек көлеміне кірмейтіні айтылды.
Сот әкімшісі басшысы семинар аяғында қатысушыларға жоғарыда аталған Нұсқаулық талаптарын жұмыс барысында басшылыққа алу қажеттігін тапсырды.
Жалағаш аудандық соты