Сырдария аудандық сотында азамат А.-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, азамат А. көрiнеу жалған мемлекеттік белгі тағып автокөлігін басқарған.

Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ, сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.

Сот қаулысымен А. жасаған құқық бұзушылығы үшін кінәлі деп танылып, оған 1 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы және 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

Сырдария аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған