Қызылорда облыстық сотында өткізілген жиында облыстық соттың төрағасы Ә.Шығамбаев Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 2 наурыздағы №1188 Жарлығын сот ұжымына таныстырды.
Аталған Жарлықпен Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары болып Бегімбаев Ринат Маратұлы және Қайбалдиева Айнұр Амангелдіқызы тағайындалды.
Сонымен бірге, Қызылорда қалалық сотының судьясы болып Жүнісова Нұргүл Жұмағалиқызы тағайындалды.

Шара барысында жаңадан тағайындалған судьялар Қазақстан Республикасы Судьяларының антын қабылдады.
Қысқаша мәлімет:
Бегімбаев Ринат Маратұлы – әр жылдары түрлі мекемелерде заңгер, заң бөлімінің басшысы, директор қызметтерін атқарып, 2025 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Түркістан-Қызылорда өңіраралық заң консультанттары палатасында заң консультанты қызметін атқарған.
Қайбалдиева Айнұр Амангелдіқызы – сот жүйесінде 2001 жылдан бастап еңбек етіп келеді, әр жылдары сот отырысының хатшысы, жетекші маман, бас маман, қеңсе меңгерушісі қызметтерін атқарып, 2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің ұйымдастыру-талдау бөлімі бас маманы қызметін атқарған.
Жүнісова Нұргүл Жұмағалиқызы – сот жүйесінде 2013 жылдан бастап еңбек етіп келеді, әр жылдары жетекші маман, бас маман-сот мәжілісінің хатшысы, бас маман қызметтерін атқарып, 2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты әкімшісінің басшысы қызметін атқарған.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі