▪️Бүгін Қызылорда облыстық сотында өткізілген жиында облыстық соттың төрағасы Ә.Шығамбаев Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 10 қарашадағы №1085 Жарлығын сот ұжымына таныстырды.
▪️Аталған Жарлықпен Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы болып Абдукаликов Олжас Исаұлы тағайындалды.
▪️Сонымен бірге, Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы болып Аблаева Айгүл Әуелбекқызы тағайындалды.
▪️Шара барысында жаңадан тағайындалған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы А.Аблаева Қазақстан Республикасы Судьяларының антын қабылдады.
▪️Қысқаша мәлімет:
▪️Абдукаликов Олжас Исаұлы – сот жүйесінде 2009 жылдан бастап қызмет атқарып келеді, 2015 жылдан бастап осы уақытқа дейін Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы қызметін атқарған.
▪️Аблаева Айгүл Әуелбекқызы – сот жүйесінде 1999 жылдан бастап қызмет атқарып келеді, 2007 жылдан бастан осы уақытқа дейін Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты кеңсе меңгерушісі, сот әкімшісінің басшысы қызметтерін атқарған.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі