Сырдария аудандық сотында азамат Б.-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Б., өз үйінде алкогольдік масаң күйде жұбайы А.-ның мазасын алып, сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөздер айтып, отбасы тыныштығын бұзған, бұл әрекетті бұрын әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған.

Б.-ның құқық бұзушылық әрекеті сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.

Сот қаулысымен Б. ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, Б-ның мінез-құлқына алты ай мерзімге алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды қолдануға толық көлемде тыйым салуды көздейтiн ерекше талаптар белгiленді.

Сырдария аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған