Қармақшы аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен Өзбекстан Республикасының азаматтарына қатысты 13 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Анықталған мән-жайларға сәйкес, құқық бұзушылар Қазақстан Республикасы халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзып,  Жосалы кентінде жаңадан салынып жатқан құрылыс аймағында құрылыс жұмыстарын жасап жүрген жерінен полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Өзбекстан азаматтары  тіркеу кезіндегі визада көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмай, жұмысқа орналасуға, еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын рұқсаттарды алмастан, заңсыз пайда табу мақсатында жұмыс жасаған.

Сот қаулысымен  Өзбекстан Республикасының азаматтары ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен кінәлі деп танылып, 2 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Қармақшы аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған