Сырдария аудандық сотында ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігі
1)-тармағы бойынша сотталушы У.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы У. балық аулау кезінде қолдануға рұқсат етілмеген тор ауларды көлге құрып, заңсыз балық аулап, аулаған балықтарын өзінің мотоцикліне салып алып, оқиға орнынан кетіп бара жатқанда, облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлеріне тоқтатылған.

Сотталушы У.-дың қылмыстық құқық бұзушылық әрекеттері өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сараптамалардың қорытындыларымен және қылмыстық істегі басқа құжаттармен толық дәлелденген.

Сот үкімімен сотталушы У. ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігі 1)-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, балық ресурстарын және өзге де су жануарларын аулау қызметімен айналысу құқығынан 1 жыл мерзімге айырыла отырып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сонымен бірге, азаматтық жауапкерден мемлекет пайдасына 403 517 теңге қылмыспен келтірілген залал өндірілді.

Сырдария аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған