Арал және Жаңақорған аудандық соттарында 2025 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №210-VIII Заңын талқылауға арналған дөңгелек үстелдер өткізілді.
Дөңгелек үстелдерге аудандық соттардың төрағалары мен судьялары, прокуратура, полиция және пробация қызметтерінің өкілдері, адвокаттар қатысты.
Арал аудандық сотында өткен дөңгелек үстелде сот төрағасының міндетін атқарушы Г.Нұрымбетова аталған заңмен қылмыстық заңнаманы жетілдіруді және кейбір қоғамдық қауіпті әрекеттер үшін жауапкершілікті арттыруды көздейтін, сонымен бірге, қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге, қылмыстық процесті оңтайландыруға бағытталған нормалар енгізілгенін айтып өтті.
Судья А.Асанхан Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару Кодекстеріне енгізілген түзетулер бойынша баяндама жасап, жаңашылдықтар жайында түсіндірмелер берді.
Жаңақорған аудандық сотында өткен дөңгелек үстелде сот төрағасы А.Жолдыбаев заңға енгізілген өзгерістерді атап өтіп, оларды тәжірибеде қолданылу ерекшеліктеріне тоқталып, жаңа заң аясында ҚР Қылмыстық Кодексіне жаңадан баптар енгізілгенін тілге тиек етті.
Сонымен қатар, дөңгелек үстел барысында «Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңын қолдану мәселелері де талқыланды.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі