Байқоңыр қалалық және Қазалы аудандық соттарында «Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №210-VIII Заңын талқылауға арналған шаралар өткізілді.
Байқоңыр қалалық сотында ұйымдастырылған дөңгелек үстелге қалалық соттың судьясы Б.Абубакирова, қала прокуратурасы, ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің және пробация қызметінің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында судья Б.Абубакирова Қылмыстық және Қылмыстық-процестік Кодекстеріне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға тоқталды.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар заңнамалық өзгерістерді тәжірибеде тиімді іске асыру мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар, Қазалы аудандық сотында да осы заңды талқылауға арналған семинар өтті. Оған аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы М.Оспанов, судьялар, аудандық прокуратура, полиция және пробация қызметінің өкілдері, адвокаттар мен жеке сот орындаушылар қатысты.
Семинар барысында М.Оспанов заңға енгізілген өзгерістерге тоқталып, оларды тәжірибеде қолданылу ерекшеліктеріне тоқталып, жаңа заң аясында ҚР Қылмыстық кодексіне жаңадан баптар енгізілгенін атап өтті.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі