▪️Бүгін Қызылорда облыстық сотында мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар сабағы өткізілді.
▪️Семинарға Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің бөлім басшылары мен мамандары, аудандық және оған теңестірілген соттардың мемлекеттік қызметшілері қатысты.
▪️Персоналды басқару бөлімінің басшысы Ж.Дүйсенова семинар сабағын ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, көтеріліп отырған мәселелердің маңыздылығы мен өзектілігіне тоқталды.
▪️Бас маман К.Ерманова мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар мен шектеулер тақырыбында баяндама жасап, әдеп нормаларын сақтау, әлеуметтік желілерді қолдану және лудомания мәселелеріне тоқталып, мемлекеттік қызметшілер қоғам тарапынан сын тудыратын әрекеттерден аулақ болу керектігі жөнінде айтып өтті.
▪️Сонымен бірге, бас маман Б.Қаныбетова «Е-қызмет» ақпараттық жүйесімен жұмыс бойынша түсіндірме жасады.
▪️Баспасөз қызметі бөлімінің басшысы Н.Нұрбайқызы өз баяндамасында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасының мақсаттары мен міндеттерін түсіндіріп, маңыздылығына тоқталып, аталған тұжырымдама құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталғанын атап өтті.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі