Бүгін Қызылорда облыстық сотында жас мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар сабағы өткізілді.

Семинарға Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің бөлім басшылары, аудандық және оған теңестірілген соттардың жас мемлекеттік қызметшілері қатысты.

Персоналды басқару бөлімінің басшысы Ж.Дүйсенова семинар сабағын ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, көтеріліп отырған мәселелердің маңыздылығы мен өзектілігіне тоқталды.

Бас маман К.Ерманова мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінде мемлекеттік қызметшілерге ойын мекемесіне барудан тартыну талабы қойылғанын, яғни ойын мекемесіне баруға тыйым салу көзделгенін, лудомания қазіргі таңда қоғамның өткір мәселесі болып табылатынын, ол адамның өзіне ғана емес, айналасындағы адамдарға да кері әсер ететінін атап өтті.

Сонымен бірге, бас маман Б.Қаныбетова мемлекеттік қызметші жалпыға ортақ қабылданған моральдық-әдеп нормаларын ұстанып, қарапайымдылық танытып, заң талаптарын бұзуға жол бермей, сыбайлас жемқорлық көріністерінен аулақ болу керектігін жеткізді.

Семинар барысында «Е-қызмет» ақпараттық жүйесімен жұмыс жасау бойынша түсіндірмелер берілді.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған