Қызылорда облыстық сотында соттардың 2026 жылдың І тоқсанындағы жұмыс қорытындылары бойынша кеңейтілген кеңес өтті.

Оған Қызылорда облыстық сотының төрағасы Ә.Шығамбаев, алқа төрағалары, облыстық сот судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары қатысты.

Жиынды облыстық соттың төрағасы Ә.Шығамбаев ашып, қатысушыларды облыс соттарының жұмыстарының қорытындысымен таныстырды.

Сонымен бірге, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасы Ж.Бекжановтың, азаматтық істер жөніндегі сот алқасы төрағасы Ж.Жақсылықтың және әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасының міндетін атқарушы Ш.Маликованың есептері тыңдалды.

Баяндамаларда бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың сот төрелігін жүзеге асыруы бойынша негізгі деректер атап өтілді.

Баяндамашылардан кейін сөз алған облыстық сот төрағасы Ә.Шығамбаев сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жақсарту мәселелеріне тоқталып, істерді татуластыру рәсімдерінің көмегімен аяқтаудың тиімділігін және алдағы атқарылатын жұмыстар мен жоспарларды атап өтті.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған