Қызылорда қаласының №2 сотының ұйымдастыруымен шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның жауаптылығын немесе жазасын жеңілдететін заңнама қолданысына қатысты дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге Қызылорда облыстық прокуратура өкілі, Қызылорда ҚАЖД-і «№60,№68 мекемелері» РММ-нің қызметкерлері қатысты.

Іс шараны Қызылорда қаласы №2 сотының судьясы Т.Темірбаев ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстыра отырып, заңнамаға қатысты актілеріне жаза өтеу мекемесінде барынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажеттілігін түсіндіріп өтті. Сондай-ақ,ұсынылған материалдардың ішінде өтінішхатты қарау үшін жеткілікті деректер толық болмай, оларды сот отырысы барысында толықтыру мүмкін болмаса, осы материалдарды тиісінше ресімдеу үшін өзінің қаулысымен кері қайтару мәселесіне тоқталды. Дөңгелек үстел соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.

Қызылорда қаласының №2 соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған