Жалағаш аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 109-1-бабы 2-бөлігінің 5) тармағымен айыпталған азаматша Г-нің қылмыстық ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы Г. 2025 жылғы 1 шілдеде Жалағаш кентінде орналасқан асханада отырып, ұялы телефонмен қатты дауыс көтеріп сөйлегені үшін асхана иесі А. жай сөйлеуді ескерткен. Сол үшін ол ашуланып, оның сыртқа шыққан кезін пайдаланып ілесіп шығып, тоқтатып, «Сен неге маған қадаласың?» деп кінәлеп, күш қолданып, шашынан ұстап, жұлқып тартып, оң қолының жұдырығымен бет аймағынан ұрып денсаулыққа жеңіл зиян келтірмей, тән ауруына ұшыратқан.

Басты сот талқылауында сотталушы кінәсін мойындап, әрекетіне шын жүректен өкінетінін, кешірім сұрайтынын, енді қайталамайтынын, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

Сот үкімімен азаматша Г., Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 109-1-бабы 2-бөлігі 5) тармағымен кінәлі деп танылып, оған 100 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.

Жалағаш аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған