Жастар арасындағы әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Арал аудандық сотының төрағасы Р.Алдамбергенов орта мектептің жоғары сынып оқушыларын қатыстыра отырып сот отырысын өткізді.
Сотта Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Азамат Ж. алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйде ата-анасынабылапыт сөйлеп, үй тыныштығын бұзып, отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсеткен.
Ж. бұған дейін 23 наурыз 2025 жылы, осы тектес әрекеті үшін ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жазаға тартылып, ескерту алса да, еш нәтиже шығармай, құқық бұзушылықты әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған.
Ж.-ның құқық бұзушылық әрекеті өзінің кінәсін мойындаған түсінігімен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Сот қаулысымен Ж. жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танылып, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар, Ж.-ның мінез-құлқына үш ай мерзімге алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды қолдануға толық көлемде тыйым салуды көздейтiн ерекше талаптар белгiленген.
Шарадан соң сот төрағасы оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелерін, кәмелетке толмағандар арасында жиі орын алатын құқық бұзушылықтың құқықтық салдарын түсіндіріп өтті.
Арал аудандық соты