Шымкент қаласында ҚР Судьялар одағының XI спартакиадасының финалдық ойындары өтті.

Дәстүрлі спорттық шараны ҚР Судьялар одағының Орталық кеңесі ұйымдастырды.

Спорттық сайыстарға Қызылорда облысының судьялары да қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Атап айтқанда, Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ж.Бекжанов және Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы Т.Темірбаев бильярдтан III орын иеленді.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Н.Еламанов үстел теннисінен III орын иеленді.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған