Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай, Қызылорда облысы бойынша құқық қорғау органдары және әскери мекемелердің қызметкерлері арасында футболдан облыстық турнир ұйымдастырылды.
Спорттық шара салауатты өмір салтын насихаттау, ұжымдар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту, сондай-ақ қызметкерлердің спорттық шеберлігін арттыру мақсатында өткізілді. Жарысқа 8 команда қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті.
Қызылорда облыстық сотының командасы да сайысқа белсене қатысып, ұйымшылдық пен шеберліктің үлгісін көрсетіп, жалпы командалық есепте ІІІ орынды иеленді.
Әріптестерімізді жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі