Бүгін Қызылорда облыстық сотында өткізілген халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты шара барысында Қызылорда облыстық сотының судьясы, баспасөз қызметін үйлестіруші Маликова Шолпан Маратқызы ҚР Жоғарғы Сотының І дәрежелі «Мінсіз қызмет үшін» медалімен марапатталды.
Шолпан Маратқызын бүгінгі марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, қызметіне абырой тілейміз!
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі