▪️Ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған іс-шараларды жалғастыру мақсатында Байқоңыр қалалық сотында сот мамандары арасында тоғызқұмалақтан сайыс өткізілді.
▪️Шара мақсаты – ақынның рухани мұрасын насихаттау, сот қызметкерлері арасында ұлттық ойынға деген қызығушылықты арттыру және ұжымдық рухты нығайту.
▪️Сот әкімшісінің басшысы Ж.Тажимбетова тоғызқұмалақ ойыны қазақ халқының мәдени-рухани мұрасы және ерекше зияткерлік ойын екенін атап өтіп, ұлы ақын Абай Құнанбайұлы тоғызқұмалақтың шебер ойыншысы әрі жарыстардың ұйымдастырушысы ретінде де танылғанын жеткізді.
▪️Турнир барысында қатысушылар жоғары деңгейдегі шеберліктерін, стратегиялық ойлау қабілеттерін көрсете білді.
▪️Шара соңында сот мамандары өзара пікір алмасып, ақынның өмірі, шығармалары жайлы ой бөлісті.
Байқоңыр қалалық соты