Жаңақорған аудандық сотының ұйымдастыруымен аудандық «Руханият» орталығында Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған «Тоғызқұмалақ» ойынынан бірқатар аудандық мекемелер арасындағы сайыс өткізілді.
Абай атамыздың сүйіп ойнаған «Тоғызқұмалақ» ойынына Жаңақорған аудандық соты әкімшісінің басшысы мен қызметкерлері, аудан әкімі апаратының, аудандық полиция бөлімінің, төтенше жағдайлар қызметінің,орман шаруашылығы мекемесі мен аудандық заң консультациясының адвокаттары қатысып, сайысқа түсті. Нәтижесінде, І орынды аудандық тұрғын үй-коммуналдық мекемесінің маманы Н.Сүлейменов, ІІ орынды төтенше жағдайлар қызметінің өрт сөндірушісі Н.Ажайыпхан, ІІІ орынды орман шаруашылығының маманы М.Мүбәрак иеленді.
Сайысты аудандық соттың төрағасы А.Жолдыбаев пен аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ө.Тақырбасов қорытындылап, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді және үздік ойын көрсеткендерді дипломмен марапаттады.
Жаңақорған аудандық соты