Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен сотталушы К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотталушы К. қоғамдық автобуста кондуктор болып жұмыс істеп жүрген сәтінде, автобус жолаушысы С.-ға тиесілі ұялы телефонын орындықта жатқанын көріп, жасырын түрде ұрлап алып, шалбарының қалтасына салып алған.
Сотталушы қылмыстық әрекетін жалғастыра отырып, ұялы телефонда орнатылған екінші деңгейлі банктің мобильдік қосымшасы арқылы банк есепшотынан 104 867 теңге ақша қаражатын өзіне аударып алып, жәбірленуші С.-ға материалдық зиян келтірген.
Сот үкімімен сотталушы К. ҚК-тің 188-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, сол мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.
Байқоңыр қалалық соты