Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап қоюшы «А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жауапкер «Қ» акционерлік қоғамынан 24 101 037,02 теңге қарыз сомасын өндіру туралы талап қоюмен жүгінген.

Сот тараптарға дауды татуласу рәсімдерімен, оның ішінде сотқа дейінгі хаттаманы толтыру жөніндегі құқықтарын түсіндіріп, нәтижесінде тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген.

Азаматтық іс бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, төленген мемлекеттік баж 795 335 теңге талап қоюшыға қайтарылып, азаматтық іс жүргізу өндірістен тоқтатылған.

Қызылорда облысының мамандандырылған экономикалық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған