Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап қоюшы «Х» жеке кәсіпкері жауапкер «К» акционерлік қоғамынан қарыз сомасы 7 191 350 теңге және тұрақсыздық айыппұл сомасы122 252.95 теңге өндіру туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.
Сот тараптарға дауды татуласу рәсімдерімен, оның ішінде сотқа дейінгі хаттаманы толтыру жөніндегі құқықтарын түсіндіріп, судьяның көмегімен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген.
Азаматтық іс бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, төленген мемлекеттік баж 73 289 теңге талапкерге қайтарылып, азаматтық іс жүргізу өндірістен тоқтатылған.
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты