▪️Қызылорда қалалық сотына талап қоюшы «Air Astana» АҚ жауапкер У.-дан материалдық шығынды өтеу туралы талап қоюмен жүгінген.
▪️Талап қоюда көрсетілгендей, «Air Astana» АҚ ұшағы Астана-Алматы бағыты бойынша рейсті орындап, трапқа дейін күтіп тұрған кезде жауапкер У. апатты шығу есігін өз бетінше ашқан.
▪️Апатты шығу есіктері тек төтенше жағдайларда және экипаждың бұйрығы бойынша ғана пайдаланылады.
▪️Апатты шығу есігін ашу және эвакуациялық үрлемелі трапты іске қосу нәтижесінде, талап қоюшыға материалдық шығын келіп, трапты ауыстыру қажеттілігі туындаған. Ауыстыру құны – 22 995 936 теңгені құраған.
▪️Сот тараптарға дауды татуластыру рәсімдері арқылы реттеу жөніндегі құқықтарын түсіндіріп, келісім жасауға мерзім берген.
▪️Берілген мерзімде тараптар өзара келісімге келгендерін көрсетіп, медиациялық келісімді бекітуді сұраған.
▪️Келісімнің шарттарына сәйкес, жауапкер талап қоюшыға 6 698 426 теңге өтемақыны 2025 жылғы 20 қарашаға дейін төлеуге міндеттенген. Талап қоюшы өз кезегінде 22 995 936 теңгені өндіруді сұраған талап қоюынан бас тартқан.
▪️Сот ұйғарымымен тараптар арасындағы медиациялық келісім бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды.
Қызылорда қалалық соты