Қазақ тілі- Қазақстан Республикасының мемлекеттік  тілі  болып саналады. Қазақ  тілі – ананың ақ сүтімен әр қазақ баласының бойына сіңген тіл Әр азаматтың  тілге деген құрметін өз анасына, өз ұлтына, өз Отанына деген  құрметінен  білуге  болады.

Қазақ  тілі- өте бай тіл! Кезінде  талай ғалым. Жазушы, зерттеушілер  қазақ тілінің  қандай  көркем тіл екенін  айтқан. Соның бірі Мелиоранский «Қазақ тілі түркі тілдерінің  ішіндегі ең таза, әрі бай  тілге  жатады. Қазақтар-шешен әрі әдемі  сөйлеудің хас шебері. Қазақстан халық әдебиетіне аса бай әрі жан-жақты» деген. Қазақ тілінде жазылған тамаша шығармалар қанша, жылытатын, жұбататын жырлар қаншама. Қазақ халқының бойына сіңген ата-бабаларымыздың тәлім- тәрбиесі, үлгі- өнегесі, біздің тұлға болып қалыптасуымызға себепкер болғаны, үлкен үлес қосқаны байқалатыны анық.  

Бірлік болмай тірлік болмайтынын атам қазақ баяғыда-ақ айтып, өсиет қалдырған. Қазақ елді тұтастырған сол бірліктің нәтижесінде халық болып қалыптасты, ұлт болып ұйысты. Тіпті қандай қиындық, дағдарыс болса да одан алып шығатын ұлы күш, ол бірлік, бірлесе, тұтаса білуде.
Ұлттың осылайша ұйысуының ең басты тетігі тілге байланысты. Өзінің тіліне  мықты  ел  мәдениетін жоғалтпайды. Әдет-ғұрып, салт-сана, игі дәстүр дағдысын  сақтайды. Тарихын таңбалайды. Тарихын таңбалай алған елдің шежіресі бай, айтары бар.  Ендеше ұлт ішіндегі тұтастықты, бірлікті қалыптастыруда  тілдің  алатын  орны  айрықша.

Тіл тұғырының биікке көтерілгені- халық мәртебесінің  жоғарылауы. Біздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз, мемлекеттік тіліміз  ұлтымыздың көкке ұстар тірегі.

Президентіміз Қ.Тоқаев өз жолдауларында  қазақ тілінің  мемлекеттік мәртебесіне  баса назар аударды. Туған тіліміздің мәртебесі күшейіп, ұлтаралық қатынас  құралына айналатынын  жеткізді.

Егер мәңгілік ел боламыз десек, өз ана тілімізді бірінші  орынға қойып, ал қалған тілдерді елімізді дамыту жолында, өзге  дамыған елдермен  тәжірибие алмасу  мақсатында үйреніп, пайдамызға жаратуға  тиіспіз.

Татулық пен тұрақтылықтың негізіндей болған  туған тіліміз тұғырлы болуы үшін баршамыз  тіл мерейінің  жоғарылауы  үшін  жұмыс  жасауымыз керек. Тіл тағдыры-ел тағдыры. Демек  бұл бір адамға ғана қатысты емес, барлық қоғамға  қатысты.

Айгүл   Ауелбекқызы  Аблаева

Қызылорда  қаласының  әкімшілік  құқық  бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған  соты   әкімшісінің басшысы

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған