Талап қоюшы А. жеке кәсіпкер болып табылатын жауапкер Н.-ның дүкенінен онлайн сауда арқылы виртуальды көзілдірікті сатып алған.

Тауар сапасының кепілдік мерзімі – 1 жыл.

Талап қоюшы виртуальды көзілдірікті 6 ай пайдаланғаннан кейін, істен шыққанын байқап, жауапкерге кепілдік мерзімі ішінде ақаулықтарды жөндеу туралы талап қойған.

Алайда, сотқа дейінгі дауды реттеу өз шешімін таба алмай, тұтынушы сотқа жүгінуге мәжбүр болған.

Істі қарау барысында тауарды беруші тарапынан тауарға диагностикалық тексеру жүргізіліп, көзілдіріктің өзі емес қуат беру блогы істен шыққанын көрсеткен.

Сот отырысында тараптарға дауды татуластыру рәсімдерінің көмегімен аяқтау жөніндегі құқықтары түсіндірілді.

Жауапкер тұтынушыға келісілген мерзімге дейін ойын құрылғысына арналған жаңа виртуальды көзілдірік беру туралы келісімге келді.

Сот тараптар арасында жасалған медиациялық келісімді бекітіп, азаматтық істі іс жүргізуден тоқтатты.

Қызылорда қалалық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған