Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен сотталушы Е.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы Е. Байқоңыр қаласындағы көп қабатты тұрғын үйдің ауласында кетіп бара жатып, екінші қабатта орналасқан пәтердің қылтимасының есігі ашық тұрғанын байқап, бөтеннің мүлкін тұрғын үй ішіне заңсыз кіру арқылы, жасырын жымқыру ойы туындап, ақша табу мақсатында, пәтерде ешкім тұрмайтынына және оның әрекеттерін ешкім бақыламайтынына көз жеткізіп, пәтердің қылтимасы арқылы пәтер ішіне заңсыз кіріп, жәбірленуші Ш.-ға тиесілі мүліктерді ұрлаған.

Сот отырысында сотталушы кінәсін толық мойындап, істеген іс әрекетіне өкінетінін көрсетіп, сондай-ақ жәбірленушіге келтірілген зиянның орнын толтырғанын көрсетіп, өзіне бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұраған.

Сот үкімімен сотталушы К. ҚК-тің 188-бабының 3-бөлігінің 3) тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған, нақ сол мерзімге пробациялық бақылау белгіленген.

Байқоңыр қалалық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған