▪️Бүгін Қызылорда облыстық сотының Аймақтық оқу орталығы мен Жас судьялар кеңесінің 2026 жылға арналған бірлескен жоспары және «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы А.Аблаева Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттерімен кездесу өткізді.

▪️Кездесу барысында судья әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың қолданылуы, сот практикасы мен соттағы ашықтық қағидаты мәселелеріне тоқталып, жастар арасында жиі кездесетін әкімшілік құқық бұзушылықтар жөнінде айтып өтті.

▪️Кездесу соңында студенттер тарапынан соттардың қызметі, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және құқық бұзушылықтың алдын алуға қатысты сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған