Шиелі аудандық сотында сотталушы М.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-1 бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық іс қаралды.

Іс-құжаттарына қарағанда сотталушы М. 2024 жылдың қазан айының 4 күні нақты тергеумен анықталмаған уақытта мал жайылымында жайылып жүрген сол жамбасында «М» деген таңбасы 1 бас қызыл түсті сиырды көріп, бөтеннің мүлкін жасырын жымқырып, өзінің мал қорасына байлап қойған.

Нәтижесінде, жәбірленуші Т.-ға  220000 теңге көлемінде мүліктік зиян келтірілген.

Алдын-ала тыңдау сатысында сотталушы М. айыбын толық мойындап, жасаған әрекетіне шын ниетпен өкінетінін, жәбірленушімен татуласқанын, келтірілген мүліктік зиянды толық өтегенін көрсеткен.

Алдын-ала тыңдау сатысында жәбірленуші Т. сотталушымен татуласқанын, келген зиян толық қалпына келтірілгенін көрсетіп, сотталушыны қылмыстық жауаптылықтан босатуды сұраған.

ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық теріс қылық немесе қазаға ұшыратумен байланысты емес онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтiрiлген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады.

Шиелі аудандық сотының қаулысымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодекесінің 188-1 бабының 1-бөлігімен сотталушы М. Қылмыстық Кодексінің 68-бабының 1-бөлігінің талабына сай жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс өндірістен тоқтатылған.

                                                                               Шиелі аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған