Қызылорда қаласының №2 сотында ҚР ҚК 346-бабының 2-бөлігімен сотталған М.-ға қатысты қылмыстық  іс  қаралды.

     Сотталушы М. көлік құралын басқару құқығынан айрылған адам бола тұра, алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқарып, автокөліктің рульдік басқару жүйесіне ие бола алмай, жол жүрісі Қағидаларының №534 бұйрығының, 2-тарауы, 12-бөлігінің 2-тармағының талаптарын бұза отырып, жәбірленуші А.-ның үйінің қоршауына соқтығысып, мүлкін зақымдап жол көлік оқиғасын жасаған.

      Нәтижесінде,  жәбірленуші А.ға жалпы құны 50 000 теңгеге мүліктік зиян келтірген. Басты сот  талқылауында  жәбірленуші А. сотталушыға кешірім берітінін,    шығын өтелгенін, қояр талап тілегі жоқ екенін көрсеткен.

     Сотталушының қылмыстық әрекеті өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, жәбірленушінің жауаптарымен, сараптама қорытындыларымен және өзге де іс құжаттарымен дәлелін тапқан.

     Сотталушы  ҚР-ның ҚК-нің 346-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, өмір бойына көлік құралын жүргізу құқығынан айыра отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

         Қызылорда  қаласының  №2 соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған