▪️Арал аудандық сотында азамат К.-ге қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
▪️Азамат К. құзырлы органға тіркелместен, жеке көлігімен заңсыз жолаушы тасымалдаған, яғни тiркеусiз кәсiпкерлiкпен айналысқан.
▪️Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті өзінің кінәсін мойындаған түсінігімен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен бекітілген.
▪️Сот қаулысымен К. жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танылып, оған 41 286 теңге әкімшілік айыппұл салынды.
Арал аудандық соты