Осы аптада Қармақшы, Жалағаш, Жаңақорған және Шиелі аудандық соттарында сот қызметкерлеріне арналған семинар сабақтарын өткізді.
Оған сот әкімшілерінің басшылары мен мамандар қатысты.
Семинар барысында мемлекеттік қызметші жалпыға ортақ қабылданған моральдық-әдеп нормаларын ұстанып, қарапайымдылық танытып, қызметтік жағдайын асыра пайдалануға және заң талаптарын бұзуға жол бермей, сыбайлас жемқорлық көріністерінен аулақ болу керектігі айтылды.
Сонымен бірге, мемлекеттік қызметшілердің жаңа редакциядағы Әдеп кодексінде мемлекеттік қызметшілерге ойын мекемесіне барудан тартыну талабы қойылғанын, яғни ойын мекемесіне баруға тыйым салу көзделгенін, лудомания қазіргі таңда қоғамның өткір мәселесі болып табылатынын, ол адамның өзіне ғана емес, айналасындағы адамдарға да кері әсер ететінін семинар қатысушыларының назарына жеткізілді.
Семинар сабақтарында ұжымдағы ауызбіршілікті арттыру, эмоцияны басқара білу және адамдармен қарым-қатынасты жақсарту жайында ақпараттар берілді.
М.Асанова
Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл