2022 жылдың мамыр айында азамат А. белгісіз тұлғалардың нұсқауы бойынша банктегі шотына 3 567 000 теңге көлемінде қаражат аударған. Аталған шот жауапкер К.-ға тиесілі болған.
Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғап, азамат А. жәбірленуші деп танылған.
Сот процесі барысында анықталғандай, тараптар арасында бұрын ешқандай құқықтық немесе қаржылық қатынастар болмаған. Бұл мән-жайды тараптардың екеуі де жоққа шығармаған. Ақша аударымдарының заңсыздығы банк үзінділерімен және жауапкердің соттағы түсініктемесімен расталды.
Барлық дәлелдемелерді саралай келе, сот талап қоюшының талап арызын қанағаттандыру туралы шешім қабылдады.
Сот шешімімен жауапкер К.-ден талап қоюшы А.-ның пайдасына 3 567 000 теңге көлеміндегі негізсіз алынған қаржы, 35 670 теңге көлеміндегі мемлекеттік салығы өндірілді.
Қызылорда қалалық соты