Шиелі ауданының тұрғыны Н. мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына талап қоюмен жүгінді.

Талап қоюында әйел өзінің туа бітті сол қолының саусақтары дамымай, мүмкіндігі шектеулі болып туылғанын, 2018 жылдан бастап ІІІ топтағы мерзімсіз мүгедектік берілген,  кейіннен өзінің мүгедектігін туа бітті болған деп өзгерту туралы өтінішпен Шиелі аудандық ауруханасына жүгінгенін көрсеткен. 

Аудандық аурухана талап қоюшының бала кезіндегі денсаулығы туралы құжаттардың жоқтығын көрсетіп, өтінішін орындаудан бас тартқан. Ал, Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы генетикалық дәрігерге қаралау туралы ұсыныс берген.

Генетикалық дәрігердің қорытындысы бойынша талап қоюшының мүгедектігі туа бітті екені расталған.

Алайда, дәрігердің қорытынды берілгеннен кейін аудандық аурухана қызметкерлері туа бітті мүгедектікті рәсімдейтін 31/е нысанын толтыруда қиындықтар туындағанын көрсетіп, талап қоюшының өтінішін орындамаған.

Осыған байланысты, ол Қызылорда облысының мамандандырылған әкімшілік сотына жүгініп, аудандық көп бейінді ауруханасын міндетті нысанды толтырып беруге міндеттеуді сұраған.

Сот ұйғарымымен талап қоюшының талабы қайтарылған. Талапты қайтару негізі ретінде аталған даудың жария-құқықтық қатынастарға жатпайтынын көрсеткен.

Сот ұйғарымымен келіспеген талап қоюшы Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасына жекеше шағыммен жүгінген.

Істің мән-жайын қараған әкімшілік істер бойынша сот алқасы талап қоюшының жеке шағымын қанағаттандырып, бірінші саты сотының ұйғарымының күшін жойып, істі жаңадан қарау үшін бірінші саты сотына қайтадан жолдады. Бұл ретте Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының әрекетінің даулануы негізге алынуға жатады.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған