Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының мектеп-интернаты бастауыш сынып мұғалімі лауазымына конкурс жариялаған.

Оған 5 үміткер үміткер қатысқан. Солардың бірін конкурстық комиссия жеңімпаз деп таныған және ол бастауыш сынып мұғалімі болып жұмысқа қабылданған.

Тағы бір үміткер бұл шешімге сотта қарсылық білдіріп, конкурс жеңімпазының еңбек өтілі бір жыл ғана екенін, ал оның жұмыс өтілі мен жетістігі ескерілмегенін көрсетті.

МАӘС талапты қанағаттандырды, мектеп-интернаттың қабылдау комиссиясының хаттамасы заңсыз деп танылды және күші жойылды.

Байқау жеңімпазы бұл шешімге шағымданды.

Қызылорда облыстық соты істің мән-жайын зерделеп, конкурс бұрын да өткізілгенін, бірақ ұйымда анықталған бұзушылықтарға байланысты уәкілетті органның нұсқамасына сәйкес қайта өткізілгенін атап өтті.

Конкурсты қайта өткізу барысында тағы да бұзушылықтар жіберілген:

– құжаттарды қабылдау мерзімі сақталмаған;

– конкурсты өткізу туралы хабарландыру конкурстық комиссия отырысына бір күн қалғанда орналастырылған және оның қорытындылары бірден жарияланған.

Конкурстық комиссия талап қоюшы ұсынған сертификаттарды ескермей, жеңімпаздың бағасын негізсіз арттырған және оның себебін негіздемеген.

Істі қарау барысында конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібінің бұзылғаны, кандидаттарды бағалаудың дұрыс жүргізілмегені анықталды.

Осыған байланысты, апелляция бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Әкімшілік әділетті қалыптастырудағы соттардың басты миссиясы-билік органдарымен даудың әлсіз жақтарын қорғау, әкімшілік органдардың қызметін реттеу болып табылады.

Облыстық сот Ағарту министрлігінің білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне анықталған бұзушылықтар бойынша жеке ұйғарым жіберді.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған