Арал аудандық сотында азамат А-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабының 2-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Аудандық соттың қаулысымен азамат А-ның мінез-құлқына үш ай мерзімге алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды қолдануға толық көлемде тыйым салуды көздейтін ерекше талаптар белгiленген.

Алайда, А. алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйінде полиция қызметкерлеріне ұсталып, сонысымен мінез-құлқына сот белгілеген ерекше талаптарды бұзған.

Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.

Сот қаулысымен А. жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танылып, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Арал аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған