Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында азамат Т.-ға қатысты іс қаралды.
Сот отырысында анықталғандай, азамат Т. қоғамдық орында – көше бойында киімсіз жүріп, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан.
Сотта құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін және алдағы уақытта қайталанбайтынын жеткізді.
Сот қаулысымен азамат Т. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 55 048 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты