Қармақшы аудандық сотында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 426 бабының 3-бөлігімен (тiркелмеген, қолдануға рұқсат етiлмеген дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды сату) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Сот отырысында дәріхана өкілі фармацевт маманы А. әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келісетіндігін, өзі жұмыс орнында болмаған уақытта көмекшісі фармацевт маманының рұқсатынсыз «Калий перманганаты» дәрілік затының 2 данасын сатып жібергендігін, бірақ ол зат сатуға қойылмағанын көрсетіп, жеңіл жаза қолдануды сұраған.
Сот қаулысымен құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болған дәрілік зат тәркілене отырып, дәріхананың қызметі 1 ай мерзімге тоқтатылып, оған 550 480 теңге әкімшілік айыппұл салынды.
Қармақшы аудандық соты