Жалағаш аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі бойынша Өзбекстан Республикасының екі азаматына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралды.
Өзбекстан Республикасының екі азаматы Қазақстан Республикасына келу мақсаты тіркеу кезіндегі көші-қон карточкасында көрсетілген мақсатына сай болмай, өкілетті органдардың арнайы рұқсатын алмай, құрылыс жұмыстарымен айналысып, Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзған.
Сотта Өзбекстан Республикасының азаматтары кінәларын мойындаған.
Сот қаулысымен Өзбекстан Республикасының екі азаматы Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оларға Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығару түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.
Жалағаш аудандық соты